Тараз қаласы аумағында «Қауіпсіз автокөлік» акциясы өтуде

Тараз қаласы аумағында «Қауіпсіз автокөлік» акциясы өтуде

       Автокөліктердегі өрт оқиғалары көбейгендіктен Тараз қаласы  Төтенше жағдайлар басқармасымен 2021 жылдың 5 ақпанынан «Қауіпсіз автокөлік» атты  акциясы ұйымдастырылуда.

Акция барысында жергілікті таксилердің жүргізушілері мен барлық автокөлік иелерімен, ашық аялдамаларда, автокөлік тұрақтарында, гараж кооперативтерінің басшыларымен нұсқаулар  өткізілуде. Нұсқау барысында автокөліктері бар тұрғындарға нұсқаулық жаднамалар таратылды. Аталған жаднамаларда өрт қауіпсіздігі шарасы және өрт болған жағдайда атқарылатын алғашқы іс әрекеттер туралы ақпараттар жазылған.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы өрттің туындауының алдын алу  үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:

  • Қозғалтқыш қосулы кезде ешқашан жанармай құюға болмайды.
  • Жанармайды пластикалық канистрлерде тасымалдамаңыз, өйткені пластмасса статикалық кернеуді жинайды, бұл бензиннің тұтануына әкелуі мүмкін.
  • Егер сіздің көлігіңізде шамдар немесе сақтандырғыштар жиі жанса, дереу авто электрші көмегіне жүгінініз! Мүмкін, бұл қысқа тұйықталудың салдары болуы ықтимал.
  • Көліктің жанармай шлангтарын бақылаңыз.
  • Капот астындағы кеңістіктегі кез-келген сым мұқият оқшауланған болуы керек.
  • Егер сіздің көлігіңізде газ болса, дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз.
  • Өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүріңіз, екі данасын алып жүрсеңіз де артықтық етпейді
  • Сонымен қатар, өрт сөндіргіштерді автокөліктін артқы жағында емес, алдыңғы орындықтардың астында сақтау қажет. Себебі  өрт болған жағдайда шұғыл алуға ыңғайлы болады.

 

Тараз қаласы ТЖБ бас маманы

Оразбаев Кайрат