Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Азаматтық қорғаныс саласының міндеттеріне мыналар кіреді - жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан және төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету, су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау, азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында.
Мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған.
2021 жылдың 08-12 ақпан аралығында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерімен Азаматтық қорғау саласы бойынша «Aзаматтық қорғау құралымдарының (жасақтардың, командалардың, буындардың және бекеттердің) командирлері» және басқа да лауазымдық тұлғалармен оқыту сабақтары өткізілді. Оқыту Жамбыл облысының ТЖД аумағында дәрістік және практикалық әдістерімен жүргізілді.
Оқытудың қорытындысы бойынша 101 тыңдаушыларға азаматтық қорғау саласында қашықтықта оқыту өткізілгенді растайтын біріңғай сертификаттар жіберілді.
Жамбыл облысы ТЖД
АҚБ аға офицері
майор Құатбек Кенжебекұлы