
Жамбыл облысының таулы аумақтарында адамдарды қар басуы ықтимал қар көшкіні орын алуы мүмкін 6 аймақ орналасқан, олар Жуалы ауданы (Ақсай және Көксай), Т. Рысқұлов атындағы (Қарақыстақ және Мақпал), Меркі ауданында (Меркі және Аспара). Сондықтан Жамбыл облысы тұрғындары келесі қауіпсіздік шараларын білу қажет.
Қар көшкіні – тау беткейлеріндегі қар және мұздықтардың қозғалуы, жылдам төмен қарай сырғуы. Олар адам өміріне қауіп төндіреді және табиғи қоршаған орта мен экономикаға шығын әкеледі.
Қар көшкіні елді – мекендерге, спорттық-демалыс кешендерге, темір жол және автокөлік жолдарына, электр тарату желілеріне және басқа да нысандар мен қауіпті аймақтарда орналасақан иммараттарға жиі қауіп төндіреді.
Қар көшкінін қалыптастырушы факторлар:
Қар көшкінінінің жүруі жауын – шашынның болмауынан, ауа райының жылынуы әсерінен қардың қарқынды еруінен, күн радиациясының және қайта кристалдану процестерінен, қардың қалыңдығы және жұмсақ мардымсыз жеке қабаттарының қиратушы күшінің салдарынан болуы мүмкін.
Қар көшкінінің қалыптасуы қар көшкінінің қозғалатын беткей аймағының етегі болып келетін, қар көшкіні ошағында пайда болады
Республикамызда қар көшкіні қауіпті кезең желтоқсан айынан сәуір айы аралығында жүреді.
Алайда, кейбір жылдары қар көшкіндерінің алғашқысы қарашада, соңғы уақыты мамыр айында жүреді. Ал, гляциалды аймақтарда (қатты күрдегі атмосфералық жауын-шашынның жиналуымен түрленуі нәтижесінде құрлықта пайда болған жылжымалы табиғи мұздар) қар көшкін қауіпі жыл бойы сақталады. Қар көшкінінің жиі жүру себебі- қарқынды қар жауу, сондай-ақ жылымық және көктемгі қар еруі менадамның және жануарлардың әсерінен де болады.
Қорғау іс-шаралары ретінде бұл аумақтарды қар көшкінінің қауіптілігіне болжам жасау қолданылады
Қар көшкіні қауіпті кезеңде халықтар мен автокөліктерді қар көшкінінен дәл уақытта қорғау үшін шектеулер қойылады.
Қар көшкіні қауіпті кезеңінде қауіпті аймақтарда жүруге болмайды, кейбір жағдайларда рұқсат етілмейді немесе болокпосттармен тыйым салынады.
Қажеттілікке байланысты қар көшкінін алдын – ала түсіру жарылыс жұмыстарының көмегімен жүргізіледі.
Қар көшкінінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инженерлік қорғау иммараттарының құрылыстары қарастырылған (қар көшкінінен қорғайтын торлар, қалқандар, галереялар, қабырғалар және т,б,)
қауіпі жайында сигналдар бөйынша өзіңізбен құжаттар мен құнды заттарды алып, алдын ала белгіленген маршрут бойынша қауіпсіз жерге көшуді жүзеге асырыңыз. Қозғалыс маршруты және жинақталу пункті ТЖ бойынша аудандық бөлімдерде және тұрғылықты жер бойынша ЖПК-да тіркелуі керек.
Әрбір адам өздігінше нақты шараларды жасай білу керек, оның ішінде:
ЕСКЕРТУ!
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Қар көшкініне жару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қар көшкіні қауіпті беткейдегі адамдардың болуы немесе аймақ шекарасында өтуіне қатаң тыйым салынады.
Қажетті телефондар:
Кез келген табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы:
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне 8(7262) 45-17-43;
«Қазселденқорғау» ММ Жамбыл облыстық филиалы 8(7262) 31-60-50
және 112 телефоны арқылы хабарласыңыз
Жамбыл облысы ТЖД
ТЖА Басқармасының бас маманы
Жамантаева Гулнар