
Жамбыл облысында азаматтық қорғау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын арттыру бойынша оқу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың 9 айында 868 тыңдаушы оқытылды. Оның ішінде Жамбыл облысы ТЖД базасында – 815 адам білім алды. Бұл 9 айға жоспарланған 777 адамнан 38 адамға артық. Жыл соңына дейін Департамент бойынша 1000 адамды оқыту жоспарланған. Сонымен қатар, Ұлттық оқыту орталығында 53 тыңдаушы оқытылды. 9 айлық жоспар 51 адам болса, көрсеткіш 2 адамға артығымен орындалды. Жыл соңына дейін мұнда 75 адамды оқыту көзделген. Оқу барысында мамандардың теориялық білімі мен практикалық дағдылары жетілдіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезіндегі іс-қимыл тәртібіне ерекше көңіл бөлінеді.
Жамбыл облысы ТЖД