№63 мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті

№63 мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері №63 орта мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрттің алдын алу шаралары және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар эвакуация кезінде сабыр сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау және өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау қажеттігі айтылды.

Жамбыл облысы ТЖД