Жуалы ауданында өрт сөндірушілер тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарды өрттен қорғады

Жуалы ауданында өрт сөндірушілер тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарды өрттен қорғады

Кеше Жамбыл облысы ТЖД-ға Жуалы ауданы, Т. Дүйсебайұлы атындағы ауылда өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде жеке тұрғын үй аумағында 1500 бума шөп жиналған қора мен шаруашылық құрылыстың жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның іргелес орналасқан шаруашылық нысандарына таралуына жол берілмеді. Қойма, бастырма және тұрғын үй өрттен қорғалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жамбыл облысы ТЖД