Судағы қауіпсіздік – басты назарда

Судағы қауіпсіздік – басты назарда

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кеңестер берілді.