Талас ауданында су айдындарында қауіпсіздік бойынша рейд жүргізілді

Талас ауданында су айдындарында қауіпсіздік бойынша рейд жүргізілді

 

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қаратау қаласындағы Жартас жағажайының шомылуға рұқсат етілмеген аумақтарында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, тыйым салынған орындарда шомылудың қауіптілігі ескертілді.

Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-1-бабы бойынша 3 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді. Мамандар тұрғындарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.