
Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Азаматтық қорғау академиясының курсанттары аудан аумағындағы дәмханалар мен қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында нысан иелері мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, эвакуация жолдарын бос ұстау және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.