
Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тұрғындар мен шаруа қожалықтары арасында шөпхана және шөп жинау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері, ауыл шаруашылығы техникаларын қауіпсіз пайдалану, өрттің алдын алу шаралары және алғашқы өрт сөндіру құралдарының дайын болуы қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға қатты жел мен найзағай кезінде дала жұмыстарын тоқтату қажеттігі ескертіліп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігі айтылды.