
Астана күні – жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі. Мемлекеттік мереке қарсаңында Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында жеке құрамға арналған «6 шілде – Астана күні» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілі Замана Исмаилова қатысып, Астана күні мерекесінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы туралы баяндады.
Сондай-ақ семинар барысында қызметкерлерге Астана күніне арналған бейнеролик көрсетілді. Семинарға Төтенше жағдайлар департаменті аппаратының қызметкерлері, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы, өрт сөндіру бөлімдерінің және Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қатысты.