Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, пәтер терезелеріне арнайы қорғаныс блокираторлары орнатылды. Сонымен қатар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезе маңына жиһаз қоймау және қорғаныс құрылғыларын тұрақты пайдалану қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады!

Жамбыл облысы ТЖД