Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!

Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы!

2026 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихи маңызы мен ел бірлігін нығайтудағы рөлі кеңінен насихатталды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті. Шараға департамент қызметкерлері қатысып, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптеді.

Жамбыл облысы ТЖД