Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы балабақшалар мен мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде балалардың қауіпсіздігіне бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді. Кездесу барысында балаларға төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі ережелері, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары және жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ балалардың білімін бекіту мақсатында танымдық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, қауіпсіздік бойынша жадынамалар таратылды.

Жамбыл облысы ТЖД