Өрт оқиғасы сараланып, қосымша сабақ өткізілді

Өрт оқиғасы сараланып, қосымша сабақ өткізілді

Меркі ауданы № 9 өрт сөндіру бөлімінде «BigFamily» сауда үйінде орын алған өрт оқиғасына талдау жүргізілді.   Іс-шара барысында өрт сөндіру барысындағы жеке құрамның іс-қимылдары қарастырылды. Жамбыл облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразаков қызметкерлерге жауынгерлік дайындық пен қауіпсіздік талаптарын күшейту бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қатар, өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілерімен қосымша сабақ өткізіліп, арнайы техниканы қауіпсіз әрі тиімді пайдалану мәселелері пысықталды.

Жамбыл облысы ТЖД