Жазғы қауіпсіздік – басты назарда!

Жазғы қауіпсіздік – басты назарда!

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары №41 орта мектебінің жазғы лагерь тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді. Балаларға жазғы демалыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу, суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша пайдалы кеңестер берілді.

Жамбыл облысы ТЖД