Т. Рысқұлов ауданында жазғы демалыс қарсаңында кеңес өтті.

Т. Рысқұлов ауданында жазғы демалыс қарсаңында кеңес өтті.

Т. Рысқұлов ауданында «Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында кеңес өтті. Кеңеске барлық мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық полиция бөлімінің, білім бөлімінің және коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты. Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрболат Қадырханов өз баяндамасында судағы қайғылы оқиғалар, өрт қауіпсіздігі және балалардың терезеден құлау жағдайлары мәселелеріне ерекше тоқталып, ата-аналар мен мектеп ұжымдарының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД