
Құтқарушылардың моральдық-психологиялық жағдайын нығайту, суицид пен лудоманияның алдын алу, сондай-ақ қызметтік тәртіп деңгейін арттыру мақсатында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен жоспарлы профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Өткізіліп жатқан кездесулер барысында қызметкерлердің психологиялық саулығына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар эмоционалдық күйзеліс, кәсіби шаршау және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ қызметкерлерге қызметтік әдепті сақтау, тәртіпті күшейту және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау қажеттілігі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД