
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі, балалардың биіктіктен құлауының алдын алу, қоқыс жақпау және өзге де қауіпсіздік бағыттары бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге қорғаныс құралдарын орнату және аула аумағында қоқыс жақпау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердегі балалар қауіпсіздігін арттыру мақсатында пәтер терезелеріне арнайы блокираторлар орнатылды.
Жамбыл облысы ТЖД