
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен арнайы тактикалық жаттығу өткізілді. Жаттығудың негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби дайындығын арттыру, сондай-ақ түтінденген ортада жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру болды. Жаттығу барысында өрт сөндірушілер ТОЖҚҚ аппараттарын пайдалану тәртібін пысықтап, жоғары температура мен қою түтін жағдайында әрекет ету машықтарын жетілдірді. Сонымен қатар шартты зардап шеккен адамды іздеу және қауіпсіз аймаққа эвакуациялау тәсілдері орындалды. Мұндай жаттығулар өрт сөндірушілердің жауынгерлік әзірлігін арттырып, төтенше жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы ТЖД