Жамбыл облысында құтқарушылар полиция қызметкерлеріне судағы қауіпсіздік бойынша сабақ өткізді

Жамбыл облысында құтқарушылар полиция қызметкерлеріне судағы қауіпсіздік бойынша сабақ өткізді

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары полиция қызметкерлеріне арналған «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында тәжірибелік-танымдық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты – су айдындарындағы қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар жедел әрекет етудің маңыздылығы айтылды.

Жамбыл облысы ТЖД