Қаратауда оқушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Қаратауда оқушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия оқушыларымен шомылу маусымы қарсаңында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, тек рұқсат етілген орындарда шомылу, үлкендердің қарауынсыз су айдындарына бармау және қауіпті әрекеттерден сақ болу қажеттігін айтты. Сонымен қатар оқушыларға төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, қауіп туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керектігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД