
17 мамыр - Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне орай Сарысу аудандық орталық ауруханасының мамандары Төтенше жағдайлар бөлімінде «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушыларға электрокардиограмма (ЭКГ) түсіріліп, артериялық қан қысымы, бойы мен салмағы өлшенді. Сонымен қатар психолог маман психологиялық тренинг өткізіп, салауатты өмір салтын сақтау мен күйзелістің алдын алу жөнінде кеңестер берді. Шараның басты мақсаты - артериялық гипертонияның алдын алу, ауруды ерте анықтау және азаматтардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру.
Жамбыл облысы ТЖД