Меркіде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

Меркіде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

Бүгін Меркі ауылындағы «Merke Radon» шипажайында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт ошағын сөндіру, адамдарды эвакуациялау және алғашқы көмек көрсету бойынша тәжірибелік жұмыстар атқарылды. Іс-шараға өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, мекеме ұжымы және жауапты тұлғалар қатысты. Жаттығу кезінде арнайы техникалардың дайындығы тексеріліп, төтенше жағдай кезіндегі өзара іс-қимыл пысықталды. Мамандар өрт қауіпсіздігін сақтау адам өмірін қорғауда маңызды екенін атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД