Талас ауданында Отбасы күніне орай семинар өтті

Талас ауданында Отбасы күніне орай семинар өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күнінде Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде аудандық Отбасын қолдау орталығы мамандарының қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға отбасы институтын нығайтудың, отбасылық құндылықтарды сақтаудың, отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар отбасы әл-ауқатын қолдау және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының рөлі талқыланды. Семинар соңында мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. #отбасыкүні2026 #familyday2026

Жамбыл облысы ТЖД