
15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті барша тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтайды. Отбасы – әрбір адамның өміріндегі ең қастерлі құндылық. Мейірім мен қамқорлықтың, сыйластық пен бірліктің бастау алатын ордасы – отбасы. Мықты отбасы – тұрақты қоғамның және жарқын болашақтың негізі. Төтенше жағдайлар саласында қызмет атқаратын мамандар үшін отбасының орны ерекше. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер күн сайын азаматтардың қауіпсіздігі үшін жауапты қызмет атқара отырып, жақындарының қолдауы мен жылулығын сезінеді. Отбасының сенімі мен қолдауы – олардың күш-қуатының қайнар көзі. Осы мерекеде әр шаңыраққа амандық, татулық, өзара түсіністік пен бақыт тілейміз. Әр үйде күлкі мен қуаныш, береке мен бейбітшілік орнасын!
Жамбыл облысы ТЖД