Жуалы ауданында судағы қауіпсіздік бойынша дәріс сабағы өткізілді

Жуалы ауданында судағы қауіпсіздік бойынша дәріс сабағы өткізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Жуалы ауданы Терс-Ащыбұлақ су қоймасына бекітілген қызметкерлеріне судағы қауіпсіздік және адамдарды судан құтқару тәсілдері бойынша дәріс сабағы өткізілді. Сабақ барысында мамандар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын таныстырды. Сонымен қатар, суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдері мен алғашқы көмек көрсету алгоритмдері көрсетілді.

Жамбыл облысы ТЖД