Таразда өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Таразда өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері “Januia” медициналық орталық қызметкерлерімен бірлесіп өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында шартты өрт ошағын сөндіру, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар, нысан қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт-тактикалық сабақ нәтижесінде бөлім қызметкерлері мен нысан персоналының өзара іс-қимыл жасау дағдылары жетілдірілді.

Жамбыл облысы ТЖД