Құтқарушылары батырлар рухына тағзым етті

Құтқарушылары батырлар рухына тағзым етті

Мерекелік күндері Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті. Қызметкерлер бейбіт өмір үшін ерлік көрсеткен ардагерлерге құрмет білдірді. Сонымен қатар құтқарушылар қызмет барысында қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына арнайы барып, қолдау сөздерін жеткізді. Ізгі ниет пен қамқорлықтың белгісі ретінде отбасыларға тәттілер мен түрлі дәмді сыйлықтар табысталды. Мұндай іс-шаралар - батырлар рухына құрмет көрсетудің және халық қауіпсіздігі жолында жанын қиған қызметкерлердің отбасыларына қолдау білдірудің жарқын үлгісі.

Жамбыл облысы ТЖД