Жамбыл облысының құтқарушылары Жеңіс күніне арналған шараларға қатысты

Жамбыл облысының құтқарушылары Жеңіс күніне арналған шараларға қатысты

Мерекеге орай департаменттің аудандық және қалалық бөлімдерінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым етіп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, батырлардың ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегі құрметпен еске алынды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, тарихи жадыны сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы ТЖД