
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шу ауданында «Жас құтқарушылар» жасақтары арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, шартты түрде зардап шеккендерді құтқару, саптық дайындық, сондай-ақ ептілік пен шапшаңдыққа бағытталған тапсырмалар орындалды. Қатысушылар өздерінің білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.
Жамбыл облысы ТЖД