
9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы Тараз қаласындағы Жеңіс саябағында орналасқан даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында қатысушылар ерлік пен елдік жолында жанын қиған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Бұл тағылымды шара – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, батырлардың ерлігін ұлықтауға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД