Т.Рысқұлов ауданында құтқарушылар мұражайға барды

Т.Рысқұлов ауданында құтқарушылар мұражайға барды

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Т.Рысқұлов ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тағылымы мол іс-шара ұйымдастырып, аудандық мұражайға арнайы барды. Іс-шара барысында қызметкерлер Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи оқиғалармен танысып, майдандағы ерлік пен тылдағы қажырлы еңбек туралы мәлімет алды. Экскурсия жетекшісі жәдігерлердің тарихын таныстырып, сол кезеңдегі халықтың бірлігі мен төзімділігі туралы айтып өтті.

Жамбыл облысы ТЖД