Жуалы ауданында «Біз батырдың ұрпақтары» челленджі жалғасты

Жуалы ауданында «Біз батырдың ұрпақтары» челленджі жалғасты

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Біз батырдың ұрпақтары» челленджін жалғастырды. Іс-шара аясында қызметкерлер Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан батыр Бауыржан Момышұлына және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған музейге барып, Азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып жүрген соғыс ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесті. Мұндай шаралар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, батырлардың ерлігі мен елге сіңірген еңбегін дәріптеуге бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД