Талас ауданында оқушыларға «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

Талас ауданында оқушыларға «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия оқушыларына арналған №12 өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, арнайы техника мен жабдықтарды көрді. Қызметкерлер өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы түсіндірді. Сондай-ақ өрт сөндіру автокөліктерінің мүмкіндіктері көрсетіліп, арнайы құрал-жабдықтардың қолданылуы таныстырылды.

Жамбыл облысы ТЖД