
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы су айдындары мен табиғат аясындағы демалыс орындарында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, мас күйінде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау және арнайы жабдықталмаған орындарда шомылмау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қоқыс қалдырмау және отты абайлап пайдалану жөнінде ескерту жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жадынамалар таратылып, қауіпсіздікке қатысты кеңестер берілді.
Жамбыл облысы ТЖД