Жамбыл облысының құтқарушылары әріптесін салтанатты түрде қарсы алды

Жамбыл облысының құтқарушылары әріптесін салтанатты түрде қарсы алды

Мемлекеттік наградаға ие болған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, азаматтық қорғау сержанты Мұрат Анашовты әріптестері Тараз теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды. Құтқарушылар мен әріптестері ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған бөлімше командиріне құрмет көрсетіп, ыстық лебіздерін білдірді. Мұндай жоғары марапат - тек бір қызметкердің ғана емес, бүкіл азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің еңбегіне берілген баға. Бұл жас құтқарушыларға үлгі болып, ел қауіпсіздігі жолындағы адал қызметтің маңызын айқындай түседі.

Жамбыл облысы ТЖД