
Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінде оқушыларға арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Шара барысында оқушылар өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көрді. Қызметкерлер өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, эвакуациялау және алғашқы көмек көрсету тәсілдері туралы айтып берді. Сондай-ақ балаларға өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін киіп көруге мүмкіндік жасалды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйрету.
Жамбыл облысы ТЖД