Қызметкер мереке қарсаңында марапатталды

Қызметкер мереке қарсаңында марапатталды

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Қуаныш Рахматәліұлы аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды. Марапат иесіне азаматтық қорғау саласындағы мінсіз қызметі, кәсіби біліктілігі және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бағытындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірілді.

Жамбыл облысы ТЖД