
5–6 мамыр аралығында азаматтық қорғау саласы бойынша арнайы оқу курсы өткізілді. Оқу курсына мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері мен тәрбиешілері санаты бойынша құралған 88 тыңдаушы қатысты. Қатысушылар 10 сағаттық оқу бағдарламасын толық меңгеріп, азаматтық қорғау саласындағы теориялық және практикалық білімдерін жетілдірді. Оқу барысында тыңдаушылар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерімен танысып, оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін меңгерді. Сонымен қатар эвакуациялық бекеттердің жұмысын үйлестіру, шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдау және алғашқы әрекеттерді сауатты ұйымдастыру бағытында тәжірибелік сабақтар өткізілді. Практикалық жаттығулар арқылы қатысушылар өз тәжірибелерін нығайтып, төтенше жағдайлар кезінде сенімді әрекет ету машықтарын жетілдірді.
Жамбыл облысы ТЖД