
Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Құлан ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау органының ардагері, өртке қарсы қызмет подполковнигі Несіпбек Құлмахамбетов гарнизонның жеке құрамымен кездесті. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткен кездесудің мақсаты – жас қызметкерлерге кәсіби тәжірибе бөлісу, олардың қызметтік дайындығын арттыру және патриоттық рух қалыптастыру болды. Ардагер қызмет жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер, қауіпсіздік талаптарын сақтау және жедел шешім қабылдау жөнінде кеңестер берді. Іс-шара соңында ардагерге алғыс айтылып, бірқатар қызметкерлер мінсіз қызметі үшін төсбелгілермен марапатталды.
Жамбыл облысы ТЖД