Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов мемлекеттік наградамен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов мемлекеттік наградамен марапатталды.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ақорда резиденциясында өткен салтанатты рәсімде азаматтық қорғау саласының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, қызметтік борышын адал атқарғаны, жоғары кәсібилігі мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жолындағы еңбегі үшін Жамбыл облысы ТЖД бастығы Арман Тоқанов Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. Бұл жоғары марапат – өңірдің азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы қызметінің айқын көрінісі. Жамбыл облысы ТЖД ұжымы Арман Тоқановты лайықты марапатымен құттықтап, қызметіне табыс, мықты денсаулық және абыройлы еңбекте жаңа жетістіктер тілейді.

Жамбыл облысы ТЖД