Отан қорғаушылар күні қарсаңында ашық есік өтті

Отан қорғаушылар күні қарсаңында ашық есік өтті

Бүгін Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Тараз мамандандырылған колледжінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен мерекеге орай ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында студенттер өрт сөндірушілердің жұмыс атқаратын орындарымен жақын танысып, ас бөлмесін, жатын бөлмелерін аралап, одан әрі өрт сөндірушілердің мұражайына бас сұқты. Олар мұражайда облыстық өрт сөндіру қызметінің тарихын қамтитын ақпараттармен және жәдігерлермен тереңірек танысты. Шара соңында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жастарға өрттің алдын алу, төтенше жағдайларға жол бермеу тақырыбында нұсқау жүргізілді.

Жамбыл облысы ТЖД