Жамбыл облысында Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Жамбыл облысында Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Департамент мәжіліс залында 7 мамыр мен 9 мамыр мерекелік күндеріне арналған арнайы іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара жеке құрамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразақов өзінің жүрекжарды құттықтауын айтып, құтқарушыларға сәттілік тіледі. Салтанатты рәсім барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, сондай-ақ облыс және Тараз қаласы әкімдіктерінің атынан арнайы шендер, құрмет грамоталары және алғыс хаттар табысталды. Марапаттар өз қызметінде жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлерге, ардагерлерге және бөлімшелердің жеке құрамына табысталды. Іс-шара соңында Департаменттің әйелдер қауымымен арнайы дайындалған концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Жамбыл облысы ТЖД