Отан қорғаушылар күні қарсаңында колледж студенттеріне үгіт-насихат жүргізілді

Отан қорғаушылар күні қарсаңында колледж  студенттеріне үгіт-насихат жүргізілді

Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы, майор Жалғас Абдуалиев 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Тараз мамандандырылған колледжінде өткен іс-шараға қонақ ретінде қатысып, шара барысында студенттерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, одан әрі жастарға өрт немесе апат кезінде, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде атқарылуы тиіс әрекеттерді түсіндірді. Сондай-ақ ол өз сөзінде 18 жасқа толған жастарды ҚР Қарулы күштер қатарында Отан алдындағы борышын өтеуге шақырып, үгіт-насихат жүргізді. Іс-шара одан әрі париоттық әндер мен өлеңге ұласты. Колледж директоры Жанар Джапаровна іс-шараға арнайы уақыт бөліп келген қонақтарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.

Жамбыл облысы ТЖД