
Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Мұқтар Әбілдаев — өз ісіне адал қызметкерлердің бірі. Ол 1994 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданының Сеңкібай ауылында дүниеге келген. 2012 жылы мектепті аяқтап, Зайсан қаласында шекара қызметінде әскери борышын өтеген. 2015 жылдан бастап өрт сөндіру қызметінде еңбек етіп келеді. Қызмет барысында түрлі өрттер мен төтенше жағдайларды жоюға қатысып, адамдардың өмірі мен мүлкін сақтап қалуға атсалысты. 2026 жылы Тараз қаласындағы Узбекская көшесінде орын алған өрт кезінде Мұқтар әріптестерімен бірге жалынның көрші үйлерге таралуына жол бермей, өртті жедел сөндіріп, тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Бүгінде Мұқтар жұбайы Гүлмирамен бірге төрт бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке әрі өз ісінің нағыз маманы.
Жамбыл облысы ТЖД