Тараз қаласында зардап шеккен халықты қабылдау пункті дайындыққа келтірілді

Тараз қаласында зардап шеккен халықты қабылдау пункті дайындыққа келтірілді

Тараз қаласында төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін азаматтық қорғау жүйесі ұйымдастырылған. Оның маңызды элементтерінің бірі — зардап шеккен халықты қабылдау пункттері. Табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар — жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт кезінде қалада азаматтарды жинау және уақытша орналастыру үшін арнайы орындар қарастырылған. Олар мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандар базасында ұйымдастырылады. Осындай пункттердің бірі №62 орта мектеп базасында орналасқан. Мұнда зардап шеккендерді қабылдау және тіркеу, алғашқы көмек көрсету және оларды әрі қарай орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Пункттің негізгі міндеттері: • халықты уақытша орналастыру; • алғашқы медициналық көмек көрсету; • азық-түлік пен сумен қамтамасыз ету; • азаматтарды ақпараттандыру; • эвакуацияны үйлестіру. Құтқарушылардың, медицина қызметкерлерінің, полицияның және жергілікті органдардың үйлесімді жұмысы төтенше жағдайлардың салдарын азайтып, зардап шеккендерге тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы ТЖД