Өрт сөндіру саласының жас маманы

Өрт сөндіру саласының жас маманы

Әділжан Нұрланұлы – Жамбыл облысында дүниеге келген. Бүгінде ол өрт сөндіру саласында қызмет атқарып жүрген жас әрі білікті мамандардың бірі. Ол 2023 жылы М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдап, қазіргі таңда азаматтық қорғау аға лейтенанты шенімен Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы қызметін атқаруда. Қызмет барысында Әділжан жауапкершілігімен, батылдығымен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді. 2025 жылы Құмарық ауылында тұрғын үйде болған өрт кезінде ол жедел әрі нақты әрекет етіп, жеке құрамды тиімді ұйымдастыра білді. Нәтижесінде ірі көлемдегі материалдық шығынның алдын алып, үй жануарлары мен жақын орналасқан нысандарды өрттен сақтап қалуға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, ол спорт саласында да жоғары жетістіктерге жеткен. Грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткер атанып, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Бүгінде Әділжан – өз ісіне адал, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген, болашағынан зор үміт күттіретін жас мамандардың бірі.

Жамбыл облысы ТЖД