Байзақ ауданында ашық есік күні өтті

Байзақ ауданында ашық есік күні өтті

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Сарыкемер ауылындағы №8 өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Шара барысында қатысушыларға өрт сөндіру техникалары мен заманауи жабдықтар таныстырылды. Оқушылар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, өрт сөндірушілердің қызметтік киімдері, құрал-саймандары, арнайы автокөліктері және олардың жұмыс істеу ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет берілді. Мұндай танымдық шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Жамбыл облысы ТЖД