
Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудан аумағындағы түрлі этнос өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында түрік, орыс, грек этностарының өкілдерімен жүздесу ұйымдастырылып, еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың татулығы, өзара құрметі мен ынтымағы кеңінен насихатталды.
Жамбыл облысы ТЖД